Ол сайтта көрсетілген телефонға қоңырау шалып, көлік иелерімен кездесуге келіскен. Автомобильді қарау барысында оның дабыл жүйесінің маркасын анықтаған. Кейін арнайы пульт арқылы автомобильдерді айдап әкетіп жүрген.
«Қазіргі таңда ҚР ҚК «Ұрлық жасау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті Астана қалалық ІІД УҚО-ға қамалды. Оның осы секілді басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.
Полиция осындай факті бойынша зардап шегушілерді мына мекенжайға хабарласуын сұрайды: Астана қ., Обаған к., 18, тел: 49-70-90, 8-702-468-82-24.