Бұл туралы Астана мемлекеттік филармониясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Италияда. Францияда, Жапонияда, Германияда, Ресейде, Украинада және Қазақстанда өткен халықаралық конкурстардың лауреаты атанған квартет музыканттары — «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары. Олар биылғы жылы Базель музыка академиясында профессор Райнер Шмидттің тәлімінен өтті. Бұл Қазақстандағы квартеттік музыканың алғашқы халықаралық дипломы. Ағымдағы жылы квартет швейцариялық «Divox» дыбыс жазу компаниясымен ұзақмерзімді келісім-шарт жасасты.
Концерт бағдарламасында Шуберттің «Аяқталмаған концерт», А.Веберидің «Langsammer Satz», А.Желдібаевтың «Ерке сылқым», Ф.Мендельсонның «Квартет a-moll, ор.13» шығармалары орындалмақ. Оның құрамында Ернар Мыңтаев (виоленчель, көркемдік жетекшісі), Айдар Тоқталиев «(бірінші скрипка), Алексей Лебедев (екінші скрипка), Айбек Әшірматов (альт) сияқты өнерпаз жастар бар.
Ғ.Жұбанова атындағы шекті аспаптар мемлекеттік квартеті 1988 жылы Ахмет Жұбанов атындағы Алматы музыка мектебінде құрылған болатын. 1997 жылы шекті аспаптар квартетін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Төлеген Мұхамеджанов Астана қаласының мемлекеттік филармониясына шақырған еді.