Астанада III Халықаралық гүлдер және ландшафты дизайн көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада III Халықаралық гүлдер және ландшафты дизайн көрмесі өтеді

Астанада III Халықаралық гүлдер және ландшафты дизайн көрмесі өтеді

2012 жылғы 25 сәуірде Астанадағы «Көрме» орталығында «AstanaFlorExpo - 2012» III Халықаралық гүлдер және ландшафты дизайн көрмесі ашылады.

  • 13 Сәуiр 2012
  • 526
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастырушылар — «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы, «ГринЭкспо» көрме компаниясы (Ресей, Мәскеу қаласы). Ресми қолдау — Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі, Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттігі және Астана қаласының әкімдігі. Көрме демеушісі «3D Flowers» компаниясы.

Көрмеге 33 отандық және 30-дан астам шетел компаниялары (Голландиядан, Германиядан, Кениядан, Колумбиядан, Ресейден, Эквадордан, Франциядан және Грузиядан келетін әлемдік өндіруші-фирмалар бар) қатысады. Олардың ішінде — кесілген гүлдерді жеткізушілер, жабдықтарды және жылыжайларды өндіру бойынша компаниялар, көгалдандырумен және ландшафты дизайнмен айналысатын компаниялар.

Көрме барысында көгалдандырушы-мамандарға арналған мазмұнды бағдарламаны келесі жетекші әлемдік компаниялар ұсынатын болады: «Lorberg», «Lappen Pflanzenhandel», «BRUNS- PFLANZEN — EXPORT GmbH & Co.KG» неміс тәлімбақтары, «Terracult GmbH» (Германия), «Meilland» (Франция) компаниясы, «Гавриш» компаниялар тобы (Ресей).

Перейти к новостям спорта