Астанада ІІІ халықаралық теміржол бизнес-форумы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ІІІ халықаралық теміржол бизнес-форумы өтеді

Астанада ІІІ халықаралық теміржол бизнес-форумы өтеді

2012 жылдың 12-14 қарашасында Астана қаласындағы Рэдиссон қонақүйінде «Стратегиялық серіктестік 1520: Орталық Азия» атты ІІІ халықаралық теміржол бизнес-форумы өтеді.

  • 7 Қараша 2012
  • 330
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Қазақ темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш шара Сочи қаласында өткен трансеуразиялық көлік дәліздеріне арналған «Стратегиялық серіктестік 1520» форумының заңды жалғасы.

Форум барысында бәсекеге қабілетті көліктік артықшылықтарға, контейнерлік жүк тасымалын жандандыруға, қазіргі заманғы жылжымалы құрам өндірісіне, жолаушы тасымалын дамытуға баса назар аударылады.

Шараға Қазақстан, Ресей және өзге де «1520 кеңістігі» елдерінің, мемлекеттік басқарудың білікті органдарының, теміржолдағы жүк тасымалы мен машина жасау саласында қызмет етіп отырған бірқатар компаниялардың өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар