Астанада ІІМ-нің тікелей бақылауына алынған қылмыстарды әшкерелеу жөніндегі топ жетекшілерінің кеңесі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ІІМ-нің тікелей бақылауына алынған қылмыстарды әшкерелеу жөніндегі топ жетекшілерінің кеңесі өтті

Астанада ІІМ-нің тікелей бақылауына алынған қылмыстарды әшкерелеу жөніндегі топ жетекшілерінің кеңесі өтті

ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбеков Астанада ІІМ-нің тікелей бақылауына алынған қылмыстарды әшкерелеу жөніндегі шұғыл-тергеуші топ жетекшілерінің кеңесін өткізді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Наурыз 2005
  • 424
Фото - Caravan.kz

Министрліктің мәліметіне сәйкес, 2004-жылы ІІМ-нің шұғыл-тергеуші топтары өткен жылдары жасалған 109 кісі өлтіру оқиғасын әшкереледі. Ал 2003-жылы бұл көрсеткіш 62 болған. Соның ішінде осыдан оншақты жыл бұрын жасалған бірнеше қылмыстың беті ашылды. Жалпы алғанда былтыр полиция 1948 кісі өлтіру оқиғасын, 2 мыңдай қарақшылық және 5 мың тонаушылық деректерін әшкереледі. З.Тұрысбековтың айтуынша, осындай қылмыс түрлерін ашу — жалпы қылмыстардың алдын алуға оң ықпалын тигізбек.

Мәселен, Алматыда 1997-жылғы Сирия азаматын өлтіру оқиғасы, Шығыс Қазақстан облысында 1998-жылы жасалған тағы сол Сирияның төрт азаматын тапсырыспен өлтіру оқиғасы, Павлодар облысында осыдан 13 жыл бұрын жасалған Ұлы отан соғысының ардагерін өлтіру оқиғаларының беті ашылды.
Кеңес барысында аймақтық ІІББ мен ІІБ жетекшілері, сондай-ақ, Алматы, Астана және Қарағанды қалалық шұғыл-тергеуші топ жетекшілерінің ІІМ-нің тікелей бақылауына алынған қылмыстарды әшкерелеу жайындағы есептері тыңдалды. 2004-жылы тіркелген қасақана кісі өлтіруге қатысты 32 қылмыстың 20-сын осындай топтар әшкерелесе, тағы 12 қылмыс қазір бақылау астында.
Кеңес қорытындысы бойынша министр нақты мерзім белгілеп, осындай қылмыс түрлерін әшкерелеу жұмыстарын пәрмендендіруге бағытталған кешенді әрі мақсатты шараларды дәйектеу, шұғыл-тергеуші топтарды тәжірибелі қызметкерлермен күшейту, әрбір осындай қылмысты әшкерелегені үшін ірі көлемде ақшалай сыйақы тағайындау туралы тапсырма берді.