Астанада ИКҰ мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы өтеді
Астанада 28-30 маусым аралығында Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы өтеді. |
Бұл шараға ұйымға мүше мемлекеттердің 56 министрі және 5 бақылаушы мемлекет, 70-тен астам халықаралық ұйымдар басшылары, жалпы 1200-ге жуық делегат келеді деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
«Іс-шараның көлемін, сондай-ақ ЕҚЫҰ саммитін дайындау кезіндегі жоғары оқу орындарының студенттерін қатыстырудың оң тәжірибесін ескеріп, ҚР СІМ ИКҰ министрлері кездесуін өткізу ойынша көмек көрсету үшін еріктілер қабылдауды жариялайды»,-деді А. Әбдірахманов.
А. Әбдірахмановтың айтуынша, аталған іс-шара ағымдағы жылы Қазақстанда өтетін маңызды сыртқы саяси іс-шаралардың бірі болып табылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін