Астанада "Индустриялық-инновациялық Қазақстан" атты көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Индустриялық-инновациялық Қазақстан" атты көрме ашылды

Астанада "Индустриялық-инновациялық Қазақстан" атты көрме ашылды

Бүгін, 1-қарашада республика үкімет басшысы Даниал Ахметов "Индустриялық-инновациялық Қазақстан" атты көрменің тұсаукесер рәсіміне қатысты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Көрме Елордасындағы Алатау спорт сарайында ашылды.

  • 1 Қараша 2005
  • 466
Фото - Caravan.kz



Д.Ахметовтың айтуынша, «индустриялық-инновациялық даму стратегиясының аясында қысқа мерзімде 1,5 млрд. доллардың 400 жобасы жүзеге асырылды. Қазір 3,5 млрд. доллардың 111 жобасы дайындалып жатыр. Қазақстандық 300-дей кәсіпорын халықаралық стандарттарға сәйкес сертификаттар алды».
«Стратегияны жүзеге асыру ел экономикасын келешекті көздеген, бәсекеге қабілетті экономика ретінде басқа қырынан танытуға мүмкіндік бермек»,- деді үкімет басшысы.
Көрме 2003-2015-жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясының бірінші кезеңін жүзеге асыруға бағытталған кешенді шараларды қорытындылау аясында ұйымдастырылып отыр.
Көрме шеңберінде ғарыш тақырыбына арналған стенд жұмыс істеуде. Онда «КазСат» жер серігі, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту туралы 2005-2007-жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс істеп жатқан «Қазғарыш» және «Бәйтерек» АҚ-ның іс қызметіне қатысты ақпараттар ілінген. Бағдарламаны жүзеге асыруға 44,4 млрд. теңге жұмсалмақшы.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта