Астанада интернет клуб түрінде жұмыс істеген жасырын казино әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада интернет клуб түрінде жұмыс істеген жасырын казино әшкереленді

Астанада интернет клуб түрінде жұмыс істеген жасырын казино әшкереленді

Елорданың Петров,19 көшесінде белгісіз интернет клубында жасырын казино жұмыс істеген,

  • 25 Тамыз 2015
  • 390
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен. Оның жұмысы туралы санаулы адамдар ғана білген.

Өткізілген жедел-іздестіру шараларының барысында аталған мекемеден 24 жүйелік процессор алынды. Мұндағы ойыншыларды сұрау барысында аталған мекеменің жанында интернет клуб түрінде онлайн казино жұмыс істеп отырғаны белгілі болып, расталды.

Оқиға орнын тексеру кезінде 16 моноблок пен 88 100 теңге алынды. Астана қаласы бойынша МКД ЭТҚ қызметкерлерінің күшімен аталған мекеменің қызметі тоқтатылды. Қазіргі уақытта сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 


Соңғы жаңалықтар