Астанада Иран, Пәкістан және Үндістанға Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жанындағы бақылаушы мәртебесін беру мәселелері қаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Иран, Пәкістан және Үндістанға Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жанындағы бақылаушы мәртебесін беру мәселелері қаралады

Астанада Иран, Пәкістан және Үндістанға Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жанындағы бақылаушы мәртебесін беру мәселелері қаралады

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының саммитінде басқа да мәселелермен бірге Иран, Пәкістан және Үндістанға Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жанындағы бақылаушы мәртебесін беру мәселелері қаралады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Шiлде 2005
  • 399
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының кезекті оныншы отырысы ертең, 5-шілдеде Астанада өтеді. Оған ұйымға мүше Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан республикаларының президенттері мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие Монғолияның президенті қатысады.

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар бірлескен құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта