Астанада Иран суретшілерінің көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Иран суретшілерінің көрмесі өтеді

Астанада Иран суретшілерінің көрмесі өтеді

29 наурызда Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында Иран суретшілерінің көрмесі өтпек.

  • 25 Наурыз 2011
  • 455
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығынан хабарлады.

Көрмеге Иран Ислам Республикасы бейнелеу өнерінің халықаралық дәрежедегі танымал өкілдері Салеһи, Эсмати, Хоррами, Аджами, Сардахи және т.б. суретшілердің миниатюра, каллиграфия, графика, иллюстрация секілді туындылары қойылмақ.

Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігімен бірлесе отырып, екі елге де ортақ мереке — Наурызды ұлықтау мақсатында аталмыш шараны қолға алып отыр. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Иран сурет өнерінің көрмесімен қатар дәстүрлі Иран әндерінің кешін де ұйымдастыру көзделген.

Концерттік кешке Фардин Карим Хавари, Меһрдад Карим Хавари, Хамид Хасели, Хабиолла Мохаммади сынды халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпаздары қатысады деп жоспарланған.

Перейти к новостям спорта