Астанада Республика даңғылының бойында төрт автокөлік соғылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Самал ықшам ауданында сағат 15.00-дер шамасында болған. Төрт жеңіл автокөлік соғылған: Nissan, Toyota, Hyundai және Nissan Almera.

Соқтығысу салдарынан бір автокөлік Altel сату және қызмет көрсету орталығының ғимаратына соғылған.

Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.


© Ренат Ташқынбаев