Астанада іш ауруы көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада іш ауруы көбейді

Астанада іш ауруы көбейді

АСТАНА. 31-шілде. Kazakhstan Today. 2006-жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Астанада іш ауруы көбейді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық СЭС департаменті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 31 Шiлде 2006
  • 585
Фото - Caravan.kz



«Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда қантышқақпен ауыру деңгейі 1,8 есе, сальмонеллезбен ауыру деңгейі 16 процентке артты»,- деді Ж.Бекшин.

Оның айтуынша, «осы жылдың алғашқы жартысында Астанада асқынған іш ауруына шалдығу көрінісі 517 мәрте тіркелсе, оның екеуі кісі өлімімен аяқталған. Ал 2005-жылдың 6 айында осындай 487 оқиға тіркелген болатын».

Маманың айтуынша, «әсіресе 14 жасқа дейінгі жеткіншектер бұл дертке көбірек шалдығуда. Олардың үлесіне асқынған іш ауруының 82 проценті тиеді». Дәрігер ондай жағдайға тұрғындардың санитарлық-гигиеналық сауатының төмендігі себеп деген пікірде. «Аналардың 25 проценті баланың бағым-күтімі жөнінен бейхабар болса, ауырған балалардың 17 проценті лас жағдайда күн кешеді»,- деді ол.

Сонымен бірге Ж.Бекшиннің хабарлауынша, рейд нәтижесі бойынша тазалық талаптарын сақтамаған жеміс және көкөніс сататын 25 сауда жаймасы, 17 бөлшек сауда орны жабылып, 12 млн. теңгенің айыппұлы салынды.

Перейти к новостям спорта