Астанада ішкі әскер сарбаздары ас әзірлеуден сайысқа түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ішкі әскер сарбаздары ас әзірлеуден сайысқа түсті

Астанада ішкі әскер сарбаздары ас әзірлеуден сайысқа түсті

Әскери дала асханасының аспаздары өзара сайысқа түсті. Ас әзірлеудің қыр-сырын меңгерген ішкі әскер сарбаздары бақтарын бүгін Астанада сынады. Елдің әр аймағынан келген аспаздар бір тәртіпке бағынғанымен, дайындаған тағамдары әр түрлі, сәйкесінше, дәмі де. Жалпы, ішкі әскер сарбаздары елдің ішкі тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін қалтқысыз қызмет ететіндер. Қала ішіндегі күнделікті қоғамдық тәртіп те осылардың міндетінде. Осы жауынгерлердің тамағынан біздің тілшіміз Ғабит Ұзақбай да дәм татып келді.

  • 16 Шiлде 2011
  • 946
Фото - Caravan.kz

Әскер қатарында жүріп аспаз болу  — автомат атуды үйренуден де күрделі шаруа. Өйткені сарбаздар кезкелген уақытта, кезкелген тапсырманы орындау үшін олардың ішіп жейтін тамағы да құнарлы болуы керек. Сол себепті дала асханаларының аспаздарына қойылатын ең басты талап-  тамақты дәмді,әрі құнарлы етіп дайындау.

Арнайы дайындалған әскери қазан-ошақтың айналысындағы тіршілік бүгін әдеттегіден өзгерек. Тәуелсіз Қазақстан тарихында жалпы әскери сала бойынша аспаздар тұңғыш рет сайысқа түсуде. Шараны ең алғашқы болып қолға алып жатқан Ішкі істер министрлігіне қарасты Ішкі әскер комитеті. Елдің барлық аймағынан келген 8 команданың ішінде оралдық аспаз Мәлік Юлдашевтің бүгін өз ісіне деген ынтасы бөлек. Әскерде қазан ұстаған Мәліктің атына әлі күнге дейін ешқандай сын айтылмапты. 

Мәлік Юлдашев,Ішкі әскер сарбазы:

Адамның ыңғайына да қарайды. Өзім де аспазшы болғым келді. Келіп сұрайды,мысалға,«аспазшы болғысы келетіндер бар ма?»деп. Мен «боламын»дедім. Енді қазір Орал қаласында аспазшымын 25 адамға тамақ істеймін,бүгін жарысқа келіп,тағы істеп жатырмын,күшімізді сынап көрейік.

Дала асханасының ең басты ерекшелігі — жылжымалы, көшпелі болуында. Кезкелген жерге тұрақтап,сарбаздар тамағын әзірлей береді. Мәселен былтыр Ақтау түрмесінен қашқандарды ұстау және жуырда Ақтөбе облысындағы бүлікшілерді құрықтау осы Ішкі әскердің сарбаздарына жүктелген тапсырма болатын. Сондай жағдайда  көшпелі асхананың арқасында далада жүрген сарбаздардың қарны аш болған жоқ.


Демьян Абдулин
, ҚР ІІМ ІӘ комитеті тыл басқармасы бастығының орынбасары:

Егер тамақ дәмді, құнарлы дайындалса,онда жеке құрамның әскери дайындығы да, көрсететін нәтижесі де жақсы. Ас адамның арқауы емес пе?

Аспаздардың ең басты сыншысы — сарбаздар. Сайысқа түскендер өз тағамдарын сарбаздардың түскі асына орай дайындады. Бүгінгі тамақтың әдеттегіден өзгерек болғанын әскер қатарындағылар бірден айырды.   Нұрмахан Асанов, Астана қаласы 5570 әскери бөлімінің сарбазы:

Жеп отырған тамақтарымның дәмі өте жақсы екен. Ішкен суым,бәрі, салаттар да керемет істелген екен. Тамақтарынан керемет дәм шығады. Не қосқандарын айта алмаймын, жесем де,бұл дәм аузымнан кетпей жатыр.  

Түскі астан кейін сарбаздардың берген бағасына орай жеңімпаз аспаздар командасы анықталды. Қорытынды бойынша Орал қаласынан келген Ішкі әскер құрамына бас жүлде, екінші — Қызылжар қаласындағы әскери институтқа, ал үшінші орын Шымкент қаласының ішкі әскер құрамына берілді.

Соңғы жаңалықтар