«Қазақ гуманитарлық заң университетінің құқық және экономика Ислам Орталығы Астанада ұйымдастырған халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференциясына Ресей, Армения, Әзербайжан, Мысыр, Германия, Сауд Арабиясынан келген теологтар мен саясаттанушылардың басын қосты «, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Конференцияда XXI ғасырда исламның дамуы, мұсылман елдері экономикасының ерекшеліктері және исламның бірыңғай тұжырымдамасына арналған тақырыптар талқыланды. Конференция 15 мамырға дейін жалғасады.
ҚазГЗУ халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференциясының жұмысы аяқталғаннан кейін қатысушылардың баяндама материалдарынан құралған мақалалар жинағын шығарады.
Конференция аясында ресейлік зерттеуші Юрий Михайловтың «Құранды түсінетін кез келді» атты авторлық жұмысы ұсынылды. Автордың сөздері бойынша, бұл кітап православиелік христиандардың ислам негіздерін түсінуіне көмектесуге арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті