Астанада IV халықаралық скрипкашылар конкурсының жеңімпаздары марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада IV халықаралық скрипкашылар конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Астанада IV халықаралық скрипкашылар конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Қазанның 15-19-ы аралығында Астана қаласында IV халықаралық скрипкашылар конкурсы өтті, кеше оның жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 20 Қазан 2012
  • 393
Фото - Caravan.kz

Конкурсқа Қазақстан және шетел скрипкашылары, арнайы оқу орындарының тәрбиеленушілері қатысты. Қатысушылар жас шамасына қарай екі топқа бөлінді: жеткіншектер тобы (10 — 15 жас аралығы) және ересектер тобы (16 — 28 жас аралығы).

Қатысушылар И.С.Бах, Н.Паганини, И.Брамс, П.Чайковский, Д.Шостакович сынды ұлы композиторлардың шығармаларын орындады.

Жеткіншектер тобында 1 орынды — мәскеулік скрипкашы Наина Кобзарева, 2 орынды Астана қаласының екі скрипкашысы — Нәзікггү Жаназарова мен Жанара Махмұтова місе тұтты, 3 орын да Астана қаласына бұйырды — Ақбике Алги, Әсемгүл Сыздықова мен Гүлдана Оразаева. «Надежда» арнайы сыйлығы — Ақбике Алгиға табыс етілді.

Ересектер тобында Гран-приді алматылық Ғалия Жарова мен мәскеулік Игорь Хухуа бөліссе, 1 орында Мәскеу қаласының скрипкашылары Александра Адьянова мен Давид Ардуханян жеңіп алды, 2 орынды жапониялық Накамура Мион мен астаналық Иван Коктов місе тұтты, 3 орынды астаналық Шолпан Мәңкеева жеңіп алды. «Надежда» арнайы жүлдесі астаналық Иван Кокотовқа табыс етілді.

IV Халықаралық скрипкашылар конкурсының басты мақсаты — классикалық музыканы дәріптеу, скрипка өнерін насихаттау, қазақстандық жас талантты скрипкашыларды жоғары деңгейге көтеру және Қазақстанның мәдени абыройын арттыру.

Перейти к новостям спорта