Астанада «Jazz sound» вокалды квинтетінің «Премьера» атты жеке концерті өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Jazz sound» вокалды квинтетінің «Премьера» атты жеке концерті өтеді

Астанада «Jazz sound» вокалды квинтетінің «Премьера» атты жеке концерті өтеді

22 мамырда Астанада Конгресс-Холлда «Jazz sound» вокалды квинтетінің «ПРЕМЬЕРА» атты жеке концерті өтеді, деп хабарлады Астана қалалық мемлекеттік филармониясының баспвасөз қызметі.

  • 22 Мамыр 2012
  • 498
Фото - Caravan.kz

Жанды дауыспен айтатын кәсіби музыканттар өз тыңдаушыларына авторлық орындаудағы алуан түрлі музыкалық жанрларды ұсынбақ.

«Jazz sound» вокалды квинтеті — музыкалық өнердің алуан түрлі әуендері мен иірімдерін дауыспен орындайтын бірегей шығармашылық ұжым. Квинтеттің басты ерекшелігі — әншілер музыкалық туындыларды (сүйемелдеусіз) орындайды.

Ұжымның репертуарында жаңаша өңделген әр түрлі жанрдағы бірнеше дәуірді қамтитын біртума туындылар бар.

Бард-авторлардың бір қарағанда қарапайым көрінетін әуендері квинтеттің интерпретациясында жаңаша естіледі, кеңестік ретроәндер заманауи әрі жанды сезіледі, джаз мәнері болса орындаушыларға ерік беретіндей.

Ұлттық музыканың да квинтет шығармашылығында алатын орны бөлек. Көбінесе жеке айтылып жүрген халық әндері квинтеттің орындауында үйлесімді әрі соны естіледі.

Ұжым жетекшісі — «Мәдениет қайраткері» Елена Коробейникова (альт), квинтет мүшелері — Светлана Васина (альт), Мақпал Әбдіреева (сопрано), Дәурен Мусин (тенор), Константин Стригин (бас).

Кеш қонақтары — талантты композитор әрі орындаушы Қайрат Баекенов, Ирина Воловикова («Леди Джаз», вокал), Владимир Дебура (контрабас), Алексей Соколов (бас гитара), Әліби Асақаев (акустикалық гитара) және басқа да танымал өнерппаздар болмақ.

Перейти к новостям спорта