Астанада кәмелеттік жасқа жетпеген 700 астам бала мен 31 жасөспірімдер тобы полицияда тіркеуде тұр - ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада кәмелеттік жасқа жетпеген 700 астам бала мен 31 жасөспірімдер тобы полицияда тіркеуде тұр - ІІД

Астанада кәмелеттік жасқа жетпеген 700 астам бала мен 31 жасөспірімдер тобы полицияда тіркеуде тұр - ІІД

Астана. 18 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астана қалалық Ішкі істер департаментінде кәмелеттік жасқа жетпеген 700 астам бала мен 31 жасөспірімдер тобы тіркеуде тұр, деп хабарлайды агенттік тілшісі ІІД хабарламасына сілтеме жасап.

  • 18 Қараша 2008
  • 594
Фото - Caravan.kz

«Астана қалалық Ішкі істер департаментінің кәмелеттік жасқа жетпегендердің ісі жөніндегі бөлімінде профилактикалық есепте кәмелеттік жасқа жетпеген 707 заң бұзушы, соның ішінде 638 мектеп оқушысы, 60 жасөспірімнен құралған құқық бұзушы 31 топ, 320 қолайсыз отбасы тұр», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Кәмелеттік жасқа жетпеген құқық бұзушылардың басым бөлігі 16 — 18 жас аралығында, олардың 45,3% еш жерде оқымайды және жұмыс істемейді. 57% жағдайларда жасөспірімдердің қылмысқа баруына жұмысқа қамтылмауы себеп», -дейді баспасөз қызметі.

Әкімшілік жауапкершілікке кәмелеттік жасқа жетпеген 3667 жасөспірім тартылған, 342-сі қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін, 15 материал бұзақылық үшін жауапқа тартылса, кәмелеттік жасқа жетпеген 323 жасөспірім оларды уақытша оқшаулар, бейімдеу және сауықтыру орталықтарына жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар