Бұл фестиваль қатысушыларымен ерекшеленді. Франция, АҚШ, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей мен Грузия секілді бірқатар елдердің композиторлары бас-аяғы 12-ге жуық шығармаларын орындады. Ең үздік деп әкелінген туындылар ғана тыңдарман назарына ұсынылған. Қонақтар қатарында белгілі музыканттар мен композиторлар — Нұржамал Үсенбаева, Медет Шотабаев, Әділ Бестібаев, Гия Канчели, Әлішер Латиф-Заде сияқты әлемге танымал тұлғалар бар. Мұндай фестиваль қазақ жерінде тұңғыш рет өтіп отыр. Ұйымдастырушылар сондықтан бір күнді Астанаға арнаса, басқа күндерін Алматы қаласында өткізуді жоспарлаған. Фестиваль шымылдығы 8-інші желтоқсан күні оңтүстік астанада Гала-концертпен жабылады.