Астанада караоке-барда атыс ұйымдастырғандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада караоке-барда атыс ұйымдастырғандар ұсталды

Астанада караоке-барда атыс ұйымдастырғандар ұсталды

Астана қалалық ІІД-нің қызметкерлері караоке-бардың ішінде атыс ұйымдастырған азаматтарды қолға түсірді.

  • 20 Қараша 2012
  • 379
Фото - Caravan.kz

Қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтау барысында ағымдағы жылғы қарашаның 15-інен 16-сына қараған түні «Хайвилл» ТК-де орналасқан караоке-барда ішімдік ішкен ер адамдар компаниясы мен мекеменің күзет қызметі арасында келіспеушілік болғанын анықтады. Шиеленістің басы мекемеге келген 3 қонақтың шотты төлеуден бас тартуынан туындады.

Кейін, дау-дамайға қатысушылардың бірі барда қалып, қалғандары шотты төлеу үшін ақша алып келуге кеткен.

Біршама уақыттан кейін достары қайтып келді, бірақ ақшамен емес. Олардың бірі камуфляжды форманы киіп үлгерген және өзімен «ИЖ-58» маркалы аңшы қаруын ала келген. Ол караоке-бардың ішінде әртүрлі бағыттар бойынша атыс ашты, барлығы 12 оқ атылды. Оның соңынан ерген досы пышақпен қаруланған. Кейін «аңшы» мен оның достары белгісіз бағытта іздерін суытты.

Астана қалалық ІІД-нің қызметкерлері шұғыл-іздестіру шараларының нәтижесінде олардың орналасқан жерін анықтады.

Қарашаның 17-сінен 18-іне қараған түні шұғыл қызметкерлер мен «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшенің сарбаздары бірлесіп, оларды ұстауды жүзеге асырды. Жүргізілген тінтулердің барысында полиция қызметкерлері ұсталғандардың бірінің пәтерінен аңшылық патрондар мен камуфляжды киімді тапты. Сондай-ақ «ИЖ-58» маркалы қару табылып, тәркіленді, ұсталғандар одан құтылмақ болып, қоқыс жәшігіне тығып тастаған.

Тергеу барысында ұсталғандардың тұлғалары белгілі болды. Олар: Армения Республикасының азаматы, 1970 жылы туған А. есімді азамат және Астана қаласының 1984 жылы туған Х. есімді және 1983 жылғы К. есімді тұрғындары. Сұрау барысында полицейлер оқты Х.есімді азамат атқандығын және қару соған тиесілі екендігін анықтады.

Қазіргі уақытта ұсталғандар Астана қалалық ІІД Уақытша ұстау абақтысына жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 257-бабы, 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар