Жарияланды: 490

Астанада «KAZENERGY-2011» гранттарын иеленуші студенттер бас қосты

Бүгін Астанада «KAZENERGY-2011» білім беру бағдарламасы гранттарын иеленуші студенттердің дәстүрлі слеті өтті.

«Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының білім бағдарламасы 5 жыл бұрын жүзеге асырыла бастады. Осы уақыт аралығында елімізде шамамен 500-ге тарта жас талапкер мұнайшы мамандығы бойынша даярланды. Бүгінгі таңда тағы 500-ге жуық грант иегері Қазақстандағы ірі мұнай компанияларының қаржысына елімізде мұнай және газ саласының мамандығына оқытатын ЖОО-да білім алып жүр. Қауымдастықтың басшылығы атап өткеніндей, келешекте олардың барлығы міндетті түрде жұмыспен қамтамасыз етіледі. «Сіздер үздік білім көрсетіп, аталған топта ғана емес, тұтас бір буынның көшбасшылары екендіктеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің білім бағдарламамыз сіздерге жақсы таныс Қазақстанның ірі мұнайгаз компанияларының қолдауымен іске асырылып келеді», - деді «KAZENERGY» қауымдастығының Төрағасы Тимур Құлыбаев. Оның айтуынша, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Сhevron Munaigas, "Lukoil Overseas Service B.V.", Shell Kazakhstan Development B.V., ҚР «Statoil North Caspian AS» бөлімшесі, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазРесГаз» ЖШС сияқты қауымдастық мүшелерінің «KAZENERGY» Білім беру бағдарламасына белсене қатысуы және көрсеткен қолдауы оның жобаларының кеңеюіне және танымал болуына өзінің септігін тигізді. Шәкіртақы иегерлерінің басқосуы - «KAZENERGY» Білім беру бағдарламасы шәкіртақы иегерлерінің академиялық, ғылыми, зерттеу және қолданбалы жетістіктерімен танысудың бірегей мүмкіндігі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін