Астанада KAZSAT-1 жер серігімен байланыстың үзілу себептерін зерттеу және оның жұмысын қайта жандандыру жөніндегі мемлекетаралық комиссияның отырысы өтеді
Астана. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада ағымдағы жылдың 18 қарашасында KAZSAT-1 жер серігімен байланыстың үзілу себептерін зерттеу және оның жұмысын қайта жандандыру жөніндегі мемлекетаралық комиссияның отырысы өтеді, оған ҚР индустрия және сауда министрі Владимир Школьник төрағалық жасайды. Бұл туралы Астанада 13-14 қарашада өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның |
"Байқоңыр" ғарыш кешені жөніндегі кіші комиссиясының 11-отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін