Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің баға көрсеткіші ай басынан 99,1%, жыл басынан — 107,6% құрайды.
Бақылау нәтижесі бойынша азық-түлік өнімінің 3 түрі бойынша бағаның төмендеуі байқалады: қырыққабат (14,1%), картоп (10,3%), тауық еті (1,3%).
Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында шілде айынан бастап тексеру жүргізілуде. Қанттың бағасы келісіне 260 теңге болып бекітілген.