«Дәулет» спорт комбинатында өтетін бұл шараны Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының кекушинкай карате-до федерациясы бірігіп ұйымдастырып отыр. Қазірдің өзінде Азияның ашық чемпионатына Ауғанстан, Бангладеш, Жапония, Иран, Қытай, Куәйт, Ливан, Непал, Сирия, Пәкістан, Сингапур, Шри-Ланка, Үндістан,Филиппин және Ресей өздерінің қатысатынын қуаттады. Құрметті қонақтар қатарында сондай-ақ, Бүкіләлемдік кекушинкай-кан каратэ-до ұйымының Президенті, 8 дан мен қара белбеу иегері Шокей Канча Мацуй бар.
Жалпы бұл дүбірлі додада ел намысын ұлттық құрама сапындағы 35 спортшы қорғамақ. Олардың қатарында жастар арасындағы Әлем чемпионы Азамат Такенов пен Азия чемпионатының жүлдегері Аян Маханов бар.