Жарияланды: 520

Астанада келесі жылы 10 балабақша қолданысқа беріледі

Жаңа жылдан кейін Елорданың Алматы ауданында жаңа «Шұғыла» балабақшасы ашылады. Бүгін оған Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина барды.

Балабақша 240 балаға есептелген. Мектепалды дайындықты қоса есептегенде онда 12 топ болады. Білім басқармасы бастығының айтуынша, жаңа балабақшаға балалар 2013 жылдың қаңтар айынан бастап бара алады. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға педагог-тәрбиешілер, психолог, музыка оқытушылары, спорт нұсқаушылары тартылған. Сондай-ақ, балаларға дене тәрбиесі-сауықтыру, жұмыстарын өткізуге ұжым штатында дәрігер-педиатр, физио-медбике және диетмедбике қарастырылған. Бүгінгі күні Астана қаласында 52 жекеменшік, 69 мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар. «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынған «Балапан» бағдарламасы бүгінде қарқын алып келе жатыр. Осы бағдарлама аясында 2013 жылы тағы да 10 балабақшаны іске қосу жоспарланған. Балабақшаға деген дефицит жылдан жылға азайып келеді. Дегенмен қаламызға еліміздің түкпір-түкпірінен көшіп келушілердің көпітігінен балабақша кезегінде тұрғандардың саны 65 мыңнан асып отыр», - деді Әсима Бимендина.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін