Астанада кенеттен қонақүй өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада кенеттен қонақүй өртенді

Астанада кенеттен қонақүй өртенді

Астанада "Торғай" қонақүйі өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми ө

  • 19 Мамыр 2017
  • 413
Фото - Caravan.kz

Астанада "Торғай" қонақүйі өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растап берді. Tengrinews.kz редакциясына куәгерлер оқиғаның суреттері мен видеосын жіберді.
"12.17-де "Алматы" ауданындағы Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан бесқабатты "Торғай" қонақүйінен өрт шықты. Бірінші қабаттан үшінші қабатқа дейін тартылған мұржа өртенді. 12.23-те өрттің таралуы тоқтатылды, 12.26-да толығымен сөндірілді. Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер жоқ", — деді Иманқұлов. Өртті сөндіруге жеке құрамның 10 адамы және үш арнайы техника жұмылдырылған.
 


Соңғы жаңалықтар