Дәл осы күні «Назарбаев орталығы» ММ-де суретшінің келер жылы аталып өтілетін 100 жылдығына арналып оның жұмыстарының көрмесі ашылады.
Әубәкір Исмаилов атындағы көше Республика даңғылы мен Бараев көшесінің аралығында орналасады. Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің, Астана қаласы Суретшілер одағының, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері, өнер және мәдениет қайраткерлері, қала жұртшылығы, сондай-ақ Әубәкір Исмаиловтың қызы — Гүлия апай қатысады.
Ал көрмеге Астана қаласы қазіргі заманғы өнер мұражайы мен Қарағанды мұражайының қорындағы және Исмаиловтар әулетінің коллекциясындағы картиналар қойылады. Бұрын көпшілік назарына ұсынылмаған суретшінің шағын акварелді портретін де осы көрмеден тамашалауға болады.
Іс-шараларды ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігі, «Назарбаев орталығы» көп функциялы
ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі, Халық суретшісі Ә.Исмаиловтың әулеті.