Астанада Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған шаралар бастау алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған шаралар бастау алды

Астанада Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған шаралар бастау алды

26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні.

  • 24 Маусым 2011
  • 1058
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты бүгін Астанадағы Отан қорғаушылар алаңында жасөспірімдерге арналған акция өтті. Шараның ұйымдастырушысы — ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті. «Мен өз өмірімді түрлі түске бөлеймін!» деген тақырыпта өткізілген бұл акция шығармашылық, танымдық, спорттық бағдарламалар бойынша ұйымдастырылды.

Акцияға жастар мен мектеп оқушылары қатысып, түрлі өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар арнайы орнатылған тілектер ағашына түрлі түсті ленталар ілді. Спорттық шаралар өтіп, балалар арасында армреслингтен, кір тасын көтеруден сайыстар мен басқа да ойындар өтті. Ойын жеңімаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне ұйымдастырылған акция ішінде жастарға арналған флеш-моб, түрлі шоу-бағдарламалар ұсынылып, шара күні бойы жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар