Астанада Хиросима мен Нагасакиге тасталған атом бомбасы құрбандарын еске алды (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Хиросима мен Нагасакиге тасталған атом бомбасы құрбандарын еске алды (ФОТО)

Астанада Хиросима мен Нагасакиге тасталған атом бомбасы құрбандарын еске алды (ФОТО)

Астанада «Отан Ана» монументі алдындағы алаңда Хиросима мен Нагасакиге бомба тасталғанына 70 жыл өткеніне арналған шара өтті.

  • 6 Тамыз 2015
  • 547
Фото - Caravan.kz

Алаңға Хиросима мен Нагасакиге бомба тастағаннан зардап шеккендердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою үшін астаналықтар жиналды.

Шараға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Камохара Масаёси, сонымен қатар белгілі қоғам қайраткерлері қатысты. 
«Биыл Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасының тасталғанына 70 жыл. Жапония халқы мұндай қайғылы оқиғаны қайталамауға шақырады. Қазір әлемде 16 мың ядролық қару бар. Бұл бүкіл адамзатты жойып жіберуге жеткендіктен, өте қауіпті», — деді Камохара Масаёси.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Владимир Редкокашиннің сөзіне қарағанда, бұл жалғыз жапон халқы үшін ғана емес, сонымен бірге барлық адамзат үшін қайғылы күн.


nullnullnullnullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар