Астанада хоккейден халықаралық турнир өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада хоккейден халықаралық турнир өтеді

Астанада хоккейден халықаралық турнир өтеді

Астанада 3-6 қаңтар күндері балалар мен жасөспрімдер арасында хоккейден «ЖелДор» кубогы үшін ІІІ халықаралық турнир өтеді.

  • 2 Қаңтар 2013
  • 343
Фото - Caravan.kz

Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Украина және Латвияның жас спортшыларын біріктіретін бұл жарысты ұйымдастырушылар биыл Қазақстанда өткізгелі отыр. Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының хабарлауынша, бұл бәсекені «ЖелДорЭкспедиция» компаниялар тобы 2010 жылдан бері ұйымдастырып келе жатыр. Оған жыл сайын Ресейдің балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің және Еуразия құрлығының кәсіби хоккей клубтарының оншақты командалары қатысады.

«ЖелДор» кубогы халықаралық турирінің басты мақсаты — Ресей мен Қазақстандағы балалар спортын қолдау және дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау. Оған бұл жолы Қазақстаннан — 3 («Астана», «Торпедо Өскемен», Павлодар», Ресейден — 4 («Авангард Омск», «Сибирь» «Южный Урал Орск», «Филин»), Белоруссиядан — 1 («Витебск») команда өтініш беріп отыр.