Астанада көктайғақ жас қыздың өліміне себеп болды
Табиғат астаналық жүргізушілер үшін жаңа ережелер орнатуда. |
Кеше Астанада көктайғақтың салдарынан бір қыз мерт болды. Бұл туралы «Экспресс К» газеті «Гололед-убийца» тақырыбындағы мақалада жазды.
Қар тиелген КамАЗ қаладан әужайға шығатын автожолда рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан жүк көлігі джиппен соқтығысып, жеңіл көлік қатты соққыдан орға құлады. Шетел көлігінде болған жолаушы қыз оқиға орнында мерт болды. КамАЗ бен джиптің жүргізушілері - тірі.
Онымен қоса, көктайғақ Павлодар облысында да апаттың себепшісі болды, онда жол полициясы инспекторы зардап шекті. КамАЗ көлігінің жүргізушісі рөлге және тіркемеге ие бола алмай, полицейді қағып өтті. Ол түрлі жарақаттармен павлодарлық клиникалардың біріне жеткізілді. Жол-көлік апаты Қызылорда-Павлодар күре жолының учаскесінде болды. Жол полициясы қызметкері таяғымен жүк көлігінің жүргізушісіне тоқтау туралы белгі берген. Бірақ КамАЗ-дың 31 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол-патрульдік қызметінің 24 жастағы қызметкерін қағып түсірді. Тергеушілер жүк көлігінің жүргізушісінің қасақана пиғылы болмағанын және ол жол апаты кезінде сау болғанын атап өтуде. Апаттың себебі көктайғақ болуы мүмкін.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін