Жарияланды: 330

Астанада көлікті жоғары жылдамдықта мәнерлеп жүргізуден ҚР чемпионаты өтеді

5 маусым күні Астанада көлікті жоғары жылдамдықта мәнерлеп жүргізу бойынша Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі өтеді.

Чемпионатты Халықаралық балалар мерекесіне орайластырып «ҚазМұнайГаз Өнімдері» акционерлік қоғамы ұйымдастырып отыр. Оған ҚР Автомотоспорт федерациясы қолғабыс етуде. Жарыстар «Астана-Петропавл» автожолының 7-ші шақырымында орналасқан жол бойы сервисі кешенінің аумағында (Өндіріс көшесі, 107/1) өтеді. Жарыстар екі санат бойынша өтеді: моно-жетекте және толық жетекте. Сайыс шарты бойынша, екі көлік әртүрлі мүсіндер қойылған қиын трассаға бір мезгілде шығып, екеуі екі бағытқа қозғалады. Бір-бірін озып кетуге тырысып, толық шеңбер жасап шығады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, трассада кез келген жүргізуші бағын сынап көре алады. Іс-шараға қатысуға «Кәмелетке толмағандарға арналған жетімхана» мемлекеттік мекемесінің және Қ.Мұңайтпасов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері шақырылып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін