Астанада көлікті жоғары жылдамдықта мәнерлеп жүргізуден ҚР чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада көлікті жоғары жылдамдықта мәнерлеп жүргізуден ҚР чемпионаты өтеді

Астанада көлікті жоғары жылдамдықта мәнерлеп жүргізуден ҚР чемпионаты өтеді

5 маусым күні Астанада көлікті жоғары жылдамдықта мәнерлеп жүргізу бойынша Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі өтеді.

  • 3 Маусым 2011
  • 314
Фото - Caravan.kz

Чемпионатты Халықаралық балалар мерекесіне орайластырып «ҚазМұнайГаз Өнімдері» акционерлік қоғамы ұйымдастырып отыр. Оған ҚР Автомотоспорт федерациясы қолғабыс етуде. Жарыстар «Астана-Петропавл» автожолының 7-ші шақырымында орналасқан жол бойы сервисі кешенінің аумағында (Өндіріс көшесі, 107/1) өтеді.

Жарыстар екі санат бойынша өтеді: моно-жетекте және толық жетекте. Сайыс шарты бойынша, екі көлік әртүрлі мүсіндер қойылған қиын трассаға бір мезгілде шығып, екеуі екі бағытқа қозғалады. Бір-бірін озып кетуге тырысып, толық шеңбер жасап шығады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, трассада кез келген жүргізуші бағын сынап көре алады.

Іс-шараға қатысуға «Кәмелетке толмағандарға арналған жетімхана» мемлекеттік мекемесінің және Қ.Мұңайтпасов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері шақырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар