Caravan Logo

Астанада көппәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, 150 адам сыртқа шығарылды

Астанада көппәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, 150 адам сыртқа шығарылды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 10 қарашада сағат 21.56-да Астананың Кенесары көшесінде көппәтерлі тұрғын үйде 30 шаршы метр аумақта 4 пен 9 қабаттар аралығындағы кабель тұтанды. 150 адам сыртқа шығарылды. 33 жастағы әйел мен 41 жастағы ер адам "03" қызметіне көмірқышқыл газынан улануға байланысты жүгініп, алғашқы жәрдемнен кейін ауруханаға жатудан бас тартты.

Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 11 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 76 адамының күшімен 23 сағат 25 минутта сөндірілді.