Астанада көпқабатты үйде болған өртті сөндіруге ТЖД-нің 50 қызметкері жұмылдырылған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада көпқабатты үйде болған өртті сөндіруге ТЖД-нің 50 қызметкері жұмылдырылған

Астанада көпқабатты үйде болған өртті сөндіруге ТЖД-нің 50 қызметкері жұмылдырылған

Бүгін, 2 қараша күні сағат 12:53-те «101» нөміріне Сарыарқа көшесі бойындағы 2-ші үйде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен,

  • 2 Қараша 2015
  • 378
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Астана қалалық ТЖ департантінің баспасөз қызметінен.

«Өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері оқиға орнына жеткенде 6 қабатты тұрғын үйдің 4-ші және 5-ші қабаттарының арасында алюкобондтың астындағы қабырғаларды жылытқыш жанып жатқаны белгілі болды. Өрт сағат 13:17-де ауыздықталды», — делінген хабарламада.

Жалын сағат 13:33-те толық сөндірілді.


Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің аумағы мен шығу себебі анықталуда.

Тілсіз жаумен күреске Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 негізгі, 10 арнайы техникасы және жеке құрамының 50 адамы жұмылдырылған. 

Соңғы жаңалықтар