Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты  басталды

Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталды

Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты жалауын желбіретті. Бас қалада тұңғыш рет өтіп жатқан  V  Азия чемпионаты және жасөспірімдер арасындағы 12-құрлықтық біріншілікке 14 елдің гимнастшылары келді.

  • 16 Маусым 2011
  • 489
Фото - Caravan.kz

Олардың ішінде Қытай, Үндістан, Жапония, Тайланд, Малайзия, Оңтүстік Корея және тағы басқалары бар. Жарыс бағдарламасында қатысушылар жеке көпсайыс, көпсайыстың әр түрінде және командалық сында күш байқаспақ. Қазақстан құрамасы халықаралық аренада топ жарып жүрген Анна Алябьеваға зор үміт артып отыр. Одан бөлек Марина Петракова, Мизана Исмаилова, Мадина Мұқановалар да бар. Сары құрлықта Қазақстан құрамасы көш бастап келе жатқанын ескере келе мамандар турнир қожайындары командалық есепте топ жарады деп отыр. Сонымен қатар Астанаға бұл күндері көркем гимнастика халықаралық федерациясының өкілдері де келді.

Әлемнің экс-бірінші ракеткасы Серена Уильямс біраз үзілістен соң Истубрндегі турнирде бағын сынауда. Алғашқы матчта америкалық теннисші жеңіске жете білді.

Бірінші айналымда ол болгар Цветана Пиранковамен кездесті. Алғашқы сетті 1:6 есебімен таза ұтылған Уильмс, кейін намысқа тырысып 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. «Бірінші сет жылдам аяқталды. «Бастапқыда сәл абыржыдым, сол үшін көп соққы жасай алмадым. Қобалжыдым деп айту қиын, тек жеңіске жеткім келді», -деді матчтан кейін Серена Уильямс. Сонымен қатаркелесі кезеңге Винус Уильямс, Агнешка Радванска, Ли На және тағы басқалары өтті.


Лондонда атақты
 Уимблдон турнирінің ірктеу сыны бастауын алды.

Галина Воскобоева поляк қызы Магда Линетті 7:5, 6:3 есебімен қапы қалдырды. Оның ендігі қарсыласы француз Натали Агнес Пикьон болмақ. Өкінішке қарай бұл жарыстағы тағы бір жерлесіміз Сесиль Каратанчева 3:6, 7:5, 2:6 есебімен ресейлік Арина Радионоваға есе жіберді.

Түркияның футбол федерациясы 11 адамды өмірлік дисквалификацияға жіберді. Алдын ала келісілген матчтар ұйымдастырғаны үшін жергілікті клубтардың аяқдопшы, бапкер және менеджерлері айыпталып отыр.

Тергеу жұмыстарының нәтижесінде Түркияның түрлі лигаларында 17 матчтың тағдыры алдын ала шешілген деп табылды. 11 адамнан бөлек тағы 23 адам футболдан 6 ай, 3 жыл сияқты мерзімдерге аластатылған. Сонымен қатар Түркия футбол федерациясының президенті Махмуд Өзгенер осы айда өтетін сайлауға өз кандидатурасын ұсынбайтындығын айтты. Оның айтуынша, бұл қызмет оның отбасына  үлкен қауіп төндірді және ол тарихтағы президенттіктен өз бетінше бас тартқан тұңғыш адам боп қалғысы келетіндігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар