Астанада көркем сурет салудан жас таланттарды марапаттау рәсімі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада көркем сурет салудан жас таланттарды марапаттау рәсімі өтеді

Астанада көркем сурет салудан жас таланттарды марапаттау рәсімі өтеді

Бүгін Қазақ ұлттық өнер университетінде еліміздегі балалар үйлері мен интернат мекемелерінің тәрбиеленушілері арасында көркем сурет салудан өткен І республикалық байқаудың 16 жеңімпазын марапаттау рәсімі өтеді.

  • 7 Маусым 2012
  • 600
Фото - Caravan.kz

Шараға «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева және көркемөнер саласындағы басқа да белгілі адамдар қатыспақ.

Конкурс жеңімпаздарына дипломдар мен сертификаттар және бағалы сыйлықтар тапсырылмақ. Сонымен қатар ертең оқу орнында байқауға қатысушылардың көркем суреттерінің көрмесі ұйымдастырылмақ. Жас таланттар үшін Астанада есте қаларлықтай арнай үш күннің ішінде түрлі шаралар өткізелетін болады. Оның ішінде балаларға бейнелеу өнерінен шеберлік класстары ұйымдастырылып, олар қаладағы мәдени орындарды аралайтын болады.

Перейти к новостям спорта