Астанада «Куба - махаббатым менің» атты көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Куба - махаббатым менің» атты көрме ашылды

Астанада «Куба - махаббатым менің» атты көрме ашылды

Бүгін Астанадағы Қазіргі заманғы өнер мұражайында Куба Республикасының Ұлттық мейрамы - ел Тәуелсіздігінің 52 жылдығы мерекесіне орай, «Куба - махаббатым менің» атты көрме ашылды.

  • 13 Қаңтар 2011
  • 584
Фото - Caravan.kz

Көрмені Куба Республикасының Қазақстандағы Елшілігі және «Қазақстан-Куба» қоғамы ұйымдастырып отыр.

Мұнда кубалық суретшілердің 150-ден астам картиналарының көшірмелері қойылып отыр. Сондай-ақ мұражайға Кубаның ұлттық батыры, ақын Хосе Марти, мемлекет қайраткері Фидель Кастро, комендант Че Гевара сынды әлемге әйгілі тұлғалардың портреттері әкелінді», — дейді көрменің ашылу салтанатында Куба Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абелардо Фабио Эрнандес Феррер.

Көрмеде «Мәдениет және туризм», «Гавана қаласы», «Қоршау және бес батыр» деген тақырыпта фотосуреттер ілінген.


Ұйымдастырушылар Куба елі туралы ақпарат таратып, ол ел жөнінде толық көрініс беру үшін көрме қонақтарына кітаптар, плакаттар, газет-журналдар, СD дискілер және арнайы кәдесыйлар тарту етті.

Перейти к новостям спорта