Астанада күн жылынуы ықтимал
27 қарашада елордада жауын-шашынсыз, ауа райы құбылмалы болады. Оңтүстік шығыстан соққан жел 9-14 м/с. жетеді. Ауа температурасы түнде -18-20°C, күндіз -10-12°C, шамасында болады, деп хабарлайды елорданың ресми сайты «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап. |
Синоптиктер 28 қарашада ауа райының құбылмалы болып, қар жауатынын, бірте-бірте ауа температурасы түнде -15-17°C жетіп, күндіз -6-8°C төмендейтінін болжайды. Оңтүстіктен 7-12 м/с жел соғады.
29 қарашада ауа температурасы сақталып, қар жауады. Батыстан 9-14 м/с. жел тұрып, сынап бағаны түнде -8-10°C, күндіз -5-7°C салқындықты көрсетеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін