Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Олимпиадалық іріктеу турнирі жаңа есімдерді ашатындығына сенімдімін - Т. Ермегияев - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Олимпиадалық іріктеу турнирі жаңа есімдерді ашатындығына сенімдімін - Т. Ермегияев

Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Олимпиадалық іріктеу турнирі жаңа есімдерді ашатындығына сенімдімін - Т. Ермегияев

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Олимпиадалық іріктеу турнирі жаңа есімдерді ашатындығына сенімді.

  • 31 Наурыз 2012
  • 487
Фото - Caravan.kz

Бұл пікірін бүгін ол аталмыш жарыстың ашылу салтанатында айтты.

Жанкүйерлер мен қатысушыларды доданың басталуымен құттықтай отырып және жоғары мәртебелі меймандарға өз ілтипатын білдіре келе, агенттік төрағасы, «Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Олимпиадалық іріктеу турнирі жаңа есімдерді ашатындығына, ал біздің жанкүйерлер ымырасыз әрі әдемі белдесулерге куә болады деген сенімдемін», — деп атап көрсетті.

Сондай-ақ Т. Ермегияев отандық спортшыларымыз үшін жазда Лондонда өтетін XXX Олимпиада ойындарында үлкен сынақ күтіп тұрғандығын тілге тиек етті. Және бүгін Астанада басталған лицензиялық жарыста оларға сәттілік тілеп, мейлінше көп жолдама ұтып алуларына тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, Лондонда өтетін ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарына грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азияның лицензиялық іріктеу турниріне сары құрлықтың 22 елінен спортшылар қатысуда.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера