«Мен өз сапарым кезінде екі ел арасындағы ынтымақтастық шеңберіндегі ең бір ірі жобаның тұсауы кесілетіндігін мақтан тұтамын. Сөз Қазақстанның Астанасында Lido атты танымал қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының кешенін ашу жобасы жайлы болып отыр», — деді В. Затлерс.
«Бұл — халықтық мейрамхана, Lido атауы Латвияда беделі жағынан танымал болса, осы жоба Латвияның Қазақстанда танылу ауқымының өсе түсуіне септігін тигізеді деп ойлаймын», — деді ол.
Латвия Республикасының президенті Қазақстанның экономикалық даму әлеуетін жоғары бағалады.
«Латвияның Сауда-өнеркәсіптік палатасы мен Қазақстанның «Атамекен» Одағы Ұлттық экономикалық палатасы арасында осы форум кезінде келісімге қол қойылатындығы екі ел кәсіпкерлері арасындағы жақын ынтымақтастыққа қуатты серпін береді деп ойлаймын», -деді В. Затлерс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті