Астанада Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің негізінде құрылатын ғылыми-зерттеу кешенінің болашақ ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің негізінде құрылатын ғылыми-зерттеу кешенінің болашақ ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті

Астанада Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің негізінде құрылатын ғылыми-зерттеу кешенінің болашақ ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті

Бүгін, 12-тамызда Астанада Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің негізінде құрылатын пәнаралық ғылыми-зерттеу кешенінің болашақ ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Тамыз 2004
  • 477
Фото - Caravan.kz

Бұл кешенде ауыр иондарды үдеткіш құрылғы орналасатын болады. Рәсімге қатысқан ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьниктің айтуынша, дәл осындай үдеткіш дүниежүзінде жоқ.

Кешен құрылысының салына бастауын министр тек ғылым үшін ғана емес, сондай-ақ, Қазақстан экономикасы үшін де маңызды екенін атап өтті.
2006-жылы құрылысы салынып аяқталатын кешен негізінде мамандар дайындалып, ғылыми зерттеулер жүргізіледі.
Энергетика министрі «бірнеше ондаған миллион доллар» деп бағалаған құрылыс қаржысы мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Кешенде жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары да бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылуы тиіс.

Перейти к новостям спорта