Астанада LRT күзде іске қосылады – Қала әкімі Жеңіс Қасымбек - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада LRT күзде іске қосылады – Қала әкімі Жеңіс Қасымбек

Астанада LRT күзде іске қосылады – Қала әкімі Жеңіс Қасымбек

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы LRT құрылысы аяқталуға жақын екенін айтып, күзде іске қосылатынын жеткізді.

  • 28 Қаңтар
  • 5
Фото: 365info.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

“Сіздің қолдауыңыздың арқасында LRT жобасы аяқталуға жақын. Жазда құрылыс толығымен аяқталады. Қыркүйекте алғашқы пойыздар келеді, бұдан кейін тестік сынақтар белсенді түрде басталады”, – деді Қасымбек.

Сондай-ақ Есіл өзені арқылы көпір салынды. Қазір 18 станцияның құрылысы жүргізіліп жатыр. 

“2026 жылдың соңына дейін жобаны толық аяқтау жоспарланған, оның ішінде Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдайақов көшесінің бойындағы LRT эстакадасы астындағы аумақты абаттандыру қарастырылған”, – деді өз баяндамасында.

Жеңіс Қасымбек алғашқы пойыз құрамдары 2025 жылдың тамыз-қыркүйек айларында жеткізілетінін айтады. 

Перейти к новостям спорта