Астанада мас адам көлік ұрлап, екі жол апатын жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мас адам көлік ұрлап, екі жол апатын жасады

Астанада мас адам көлік ұрлап, екі жол апатын жасады

Бас қалада көлік апаты орын алды. 

  • 22 Қыркүйек 2022
  • 11
Фото - Caravan.kz

Астанада мас адам көлік ұрлап, екі рет жол апатын жасады, деп хабарлады Caravan.kz медиа порталы  Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Елорда тұрғыны сағат 12:52-де "102" арнасына Б.Момышұлы даңғылындағы тұрғын үйдің кіреберісінің жанынан Mercedes-Benz G 500 маркалы автокөлігін белгісізбіреу айдап кеткенінхабарлаған. Олкөлігін оталдырып, есігін құлыптамай кеткен, қайта келгенде көлігі орнында болмаған.

Қылмыскерді іздеуге және оны ұстауға полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Бейнебақылау камераларын қараубарысында үйдің ауласында белгісіз ер адамның жүргізуші әйелді аңдып тұрғаны анықталды. Әйел көлікті оталдырып, үйіне кіріп кеткенкезде қаскүнем рөлге отырып, Land Cruiser 200 автокөлігімен соқтығысып, көлікті әрі қарай айдап кете берген.

Сондай-ақ Тәуелсіздік даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында Lexus автокөлігімен соқтығысқан. Сол уақытта полиция қызметкерлері қаскүнемді қолға түсірді.


34 жастағы ер адам орташа ауырлықтағы мас болғаны анықталды.

ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігіне сәйкес көлік құралын алкогольдік масаң күйде жүргізгені үшін ұсталған адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, оған қоса ҚР ҚК-нің 200-бабы "Айдап әкету" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар