Астанада мәжіліс депутаттары мен Литва Сеймінің өкілдері жүздесті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мәжіліс депутаттары мен Литва Сеймінің өкілдері жүздесті

Астанада мәжіліс депутаттары мен Литва Сеймінің өкілдері жүздесті

Бүгін, 28-мамырда Астанада елімізде ресми сапармен жүрген Литва Сеймінің өкілдері мәжіліс депутаттарымен кездесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Мамыр 2004
  • 380
Фото - Caravan.kz

Парламентшілер сапарының басты мақсаты — нәубет жылдары саяси қуғын-сүргін құрбанына айналған Литвалықтардың рухына бас ию болмақ.

Қазақстан жағынан кездесуге мәжіліс депутаттары Владислав Косарев, Татьяна Мужчиль және Серікбай Әлібаев қатысты. Ал Литва жағынан әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек министрлігінің мемлекеттік хатшысы Виолета Мураускайте, Сейм депутаты Артурас Вазбис, Вильнюс қаласының өзін-өзі басқару кеңесінің мүшесі, экс-депутат Сейма Витаутас Богушис, сондай-ақ, Литваның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ромуалдас Високавичус пен оның жұбайы, бұрынғы Сейм депутаты Беруте Високавичене мырзалар қатысты.
Кездесу барысында тараптар екі халыққа да бірдей ортақ құндылықтарды, атап айтсақ, өткенге құрмет пен болашаққа деген ұмтылыс-ілтипатты қорғап дамыту қажеттігін, бұл істе парламентаралық ынтымақтастықты да бір тетікке айналдыру қажеттігін атап өтті.
Осы орайда шетелдік меймандар бірегей ұлтаралық келісім институты болып табылатын Қазақстан халықтары ассамблеясының құрылу тәжірибесіне баса назар аударды. Өз кезегінде мәжіліс депутаттары Литвадағы әлеуметтік саладағы, соның ішінде ана мен баланың денсаулығын қорғау саласындағы реформаларға қызығушылық танытты.
Кездесу соңында Литвалық парламентшілер мәжіліс депутаттарын парламентаралық байланыстар аясын кеңейту үшін Вильнюсқа барып қайтуға шақырды.