Астанада мектеп оқушылары құрастырған әскери техникалар мен қару-жарақтардың көрмесі өтуде
![]() |
Астанадағы №18 мектебінде «Жас әскери техник» көрмесі өтуде. Оған мектеп оқушылары құрастырған әскери техникалар мен қару-жарақ заттары шығарылып отыр. |
Астана қаласының Білім беру басқармасының алғашқы әскери дайындық бойынша әдіскері Қанат Рахымбековтың айтуынша, биыл алғаш рет өтіп жатқан көрмеде әділ қазылар алқасының қарауына оқушылар жасаған кемелер, әуе ұшақтары, танктер, тікұшақтар және тағы да басқа әскери техникалардың шағын үлгілері ұсынылды.
Жеңімпаздар «Ұлы Отан соғысы және қазіргі әскери техника», «Зымыран кешендері және артиллерия», «Әскери авиация», «Кемелер», «Әскери бөлімдердің макеттері» және «Қару-жарақ» атты 6 аталым бойынша анықталатын болады.
Сондай-ақ бүгін іздестіру жасақтарының арасында өткен арнайы байқаудың жеңімпаздары анықталмақ.
Айта кетейік, «Жас әскери техник» көрмесі және іздестіру жасақтары байқауы алғашқы әскери дайындық бойынша дәріс беріп жүрген ұстаздардың қалалық семинары аясында ұйымдастырылып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін