Астанада мектеп оқушысы боранда жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мектеп оқушысы боранда жоғалып кетті

Астанада мектеп оқушысы боранда жоғалып кетті

Елорда ІІД қызметкерлері баланы іздеуге кірісіп кетті

  • 11 Қаңтар 2018
  • 175
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада боранда мектеп оқушысы жоғалып кетті. Бұл ақпаратты елорда ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бала 2009 жылы туған, 2-сыныпта оқиды, есімі Руслан. Ата-анасы сабақ болмайтынын айтып, үйден шықпауын ескерткен. Алайда бала тыңдамай, таңғы сағат 07:44-те мектепке барамын деп шығып кеткен. Қазіргі таңда полицейлер оқушыны іздестіріп жатыр", — деді ІІД жетекшісі. 

Алдын ала мәлімет бойынша, бала "Құлагер" ТК ауданында тұрады. Толығырақ мәлімет кейінірек қосымша хабарланады. 


Айта кетейік, Астана қаласы білім басқармасы ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы 1-ден 11-сыныпқа дейінгі оқушыларға, сондай-ақ 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайтынын хабарлаған еді.  

Соңғы жаңалықтар