Астанада №59 мектеп оқушысының қайтыс болуының алдын ала болжам бойынша жүрек жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2016 жылы 30 қарашада Астананың №59 мектеп-лицейінде, бесінші сабақтың соңында (шамамен 12:12-де) 28.04.2002 жылғы 8 "Ж" сыныбының оқушысы өзін нашар сезінген. Мұғалім дереу мектептің медициналық қызметкерін шақырған. Жедел жәрдем келгенше балаға қолдан дем алдыру жасаған. 25 минуттың ішінде жедел жәрдем келіп, өз кезегінде жансақтау шараларын жалғастырған. Алайда баланы құтқарып қалу мүмкін болмаған. Алдын ала болжам бойынша диагнозы: жүрек жеткіліксіздігі", — деді Астана қаласының Денсаулық басқармасының басшысы Қасымхан Серғазиев.
Оның айтуынша, алдын ала мұғалімнен сұрастырғанда баланың сабаққа тұмауратуына байланысты келмей жүрген екен. №6 емханадан оның емделгені жөнінде анықтама бар. Осы мәселемен "Есіл" аудандық тергеушілері айналысып жатыр.
Еске салайық, 30 қарашада № 59 орта мектептің оқыту сыныбында 2002 жылы туған кәмелет жасына толмаған баланың қайтыс болуынабайланысты полицейлер сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сарапатамалар тағайындалды.