Астанада мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстанның Азаматтық партиясының ҮІІ сьезі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстанның Азаматтық партиясының ҮІІ сьезі басталды

Астанада мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстанның Азаматтық партиясының ҮІІ сьезі басталды

АСТАНА. 10-қараша. Kazakhstan Today. Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстанның Азаматтық партиясының ҮІІ сьезі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 10 Қараша 2006
  • 404
Фото - Caravan.kz

«Құрылтайдың басты тақырыбы — «Отан» партиясымен бірігу жайы болмақ»,- деп хабарлайды Азаматтық партияның орталық комитетінің аппаратынан. «Қазіргі жағдаймен «Отан» — басым күшке ие партия, онымен бәсекелесе алатын ешбір партия жоқ. Бұл осы сьезді өткізуге себеп болып отырған бір себеп»,- деді Азаматтық партияның төрағасы Азат Перуашев журналистерге.

Азаматтық партияның облыстық және қалалық конференцияларынан сьезге 302 делегат сайланған. Құрылтайға 296 делегат келді. «Сьезді өткізуге қажетті кворум қалыптасты», деп хабарлайды сьезд хатшылығының есеп комитеті.

Азаматтық партияның 150 мың мүшесі бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта