Астанада мемлекеттік табиғи қорықтар қорын дамытуға арналған қоғамдық тыңдау өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мемлекеттік табиғи қорықтар қорын дамытуға арналған қоғамдық тыңдау өткізілуде

Астанада мемлекеттік табиғи қорықтар қорын дамытуға арналған қоғамдық тыңдау өткізілуде

Бүгін, 25-наурызда Астанада "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік табиғи қорықтар қорын дамытудың келешегі және проблемалар" тақырыбында парламенттік тыңдау өткізілуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Наурыз 2004
  • 795
Фото - Caravan.kz

Осындай қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы шешім аталмыш саладағы ахуалды зерттеу, төтенше қорғаудағы табиғи аумақтарды дамыту және одан әрі жетілдіруге бағытталған нұсқаулар әзірлеу мақсатымен қабылданған.

2004-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен, Қазақстанда 9 мемлекеттік табиғи қорық, 7 мемлекеттік Ұлттық табиғи саябақ, екі мемлекеттік табиғи резерват, 1 жергілікті маңызы бар табиғи саябақ, 57 қаумал, республикалық маңызды 4 қорық аймағы, республикалық маңызды 26 табиғи ескерткіш, жергілікті маңызы бар 66 айрықша қорғаудағы аумақ жұмыс істейді. Республикалық маңызы бар, қорғаудағы аймақтардың жалпы аумағы 14,6 млн. гектарды құрайды, бұл жалпы мемлекет аумағының 5,4 процентіне тең.
4 жылда төтенше қорғаудағы табиғи аумақтарда болған өрттерден 59,5 млн. теңгенің шығыны келді. Олардың залал-зардабын жоюға 102,4 млн. теңге жұмсалды.

Соңғы жаңалықтар