Астанада Мемлекеттік тудың көтерілуімен қала күніне арналған салтанатты шаралар басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Мемлекеттік тудың көтерілуімен қала күніне арналған салтанатты шаралар басталды

Астанада Мемлекеттік тудың көтерілуімен қала күніне арналған салтанатты шаралар басталды

Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана күнін мерекелеу салтанатының басталғандығын білдіретін Мемлекеттік туды көкке көтеру рәсімі болып өтті.

  • 4 Шiлде 2011
  • 539
Фото - Caravan.kz

Астана орталығында көтерілген Мемлекеттік ту елорда күнін атап өту шараларының басталғандығын білдіреді. 3 күн тойланатын мереке барысында 100-ге таяу мәдени-спорттық шаралар өткізілмек.

«Астанада жүргізіліп жатқан бірнеше дүниежүзілік үлкен додалар мен жиындарда біздің Көкбайрағымыз тұрады. Менің ресми сапарларым кезінде алдымыздан біздің еліміздің Көкбайрағы шығады. Батыр ата-бабаларымыз әр уақытта осы байрақтың астында бірігіп, ерлікпен жерді, елді қорғап, Отанымызды алып қалған. Осыдан 20 жыл бұрын сол дәстүрді тірілтіп, біз қайтадан Көкбайрақты аспанға көтеріп, Қазақстанды бүкіл дүниежүзіне танытып, Қазақстанды бүкіл әлем құрметтейтін ел еттік», — деді Н. Назарбаев өз сөзінде.

Елбасының атап өткеніндей, Қазақстан рәміздері халқымыздың бірлігінің, болашағының, елдігінің рәсімі болып табылады. Ол рәсімдерді сыйлап, құрметтеу патриоттық жүректен шыққан сол елдің парызы болуға қажет екендігін баса айтты.

«Байрақты көтерумен бірге Астананың туған күнін атап өту басталды деп санаймын», — деді Елбасы.

Шара кезінде Елбасы еліміздің бірқатар әскери жоғарғы оқу орындарын бітірген курсанттарға әскери шендер мен атақтарды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар